Алматыда мұздың үстінде ойнап жүрген 3 бала суға батып кетті

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб ауданы «Маяк» шағынауданында «Әуежай» өзенінде ойнап жүрген 10 жастағы 3 бала мұздың жарылуы салдарынан суға батып кетті.

Алматыда мұздың үстінде ойнап жүрген 3 бала суға батып кетті

Олардың екеуі құтқарылды, ал үшіншісі, өкінішке орай, қаза болды. Оның денесін судан Алматы қаласы ТЖД судағы құтқару қызметінің күштері алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.