Алматыда Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне арналған семинар өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны Европадағы қауіпсіздікті зерттеу орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Халықаралық адам құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросымен, ҚАЗҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті жанындағы НАТО-ның ресурстық және ақпараттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған. Семинар жұмысына НАТО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды Корольдігінің өкілдері қатысуда.
Семинар атауы берілген «Starlink» оқыту бағдарламасы Нидерландыда орналасқан Еуропадағы қауіпсіздікті зерттеу орталығымен жасалған. 2005-2008 жылдары аралығында Шығыс Еуропа мен Кавказда жүзеге асырылған. 2008 жылдан бері Қазақстанда жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы қауіпсіздік саласын демократиялық бағытта басқару. Әскери және азаматтық тұлғаларды, сайланбалы тұлғаларды, БАҚ өкілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру.
Семинар барысында қауіпсіздік мәселесі бойынша Орталық Азия мемлекеттерінде қабылданып жатқан шаралар, бұл саладағы реформалар, кедергілер мен қиындықтар жөнінде талқылануда. Семинарды ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданып, Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне ұсынылатын болады.