Алматыда поляк студенттері концерт қойды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Польша елінің Вроцлавск университетінің жаратылыс тану ғылымдарының студенттері құрамынан жасақталған «Едлинок» атты студенттік фольклорлық топ Қазақ ұлттық аграрлық университетінде концерт қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Поляк студенттері Қазақстандағы Польша елшілігінің көмегімен жоғары оқу орындарына сапарларын аяқтады. Олар Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде, сонымен қатар Павлодар, Өскемен университеттерінде болып қайтты. Бүгін біздің студенттермен бірігіп концерт қоюда», дейді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры Дина Жүсібалиева.
«Бұл достық кездесу Қазақстан мен Польша елдерінің жоғары оқу орындарының қарым-қатынасының алғашқы сатысы болып саналады. Сапардың мақсаты - әріптес-жоғары оқу орындарымен жақынырақ танысу», дейді Қазақстандағы Польша елшілігінің бірінші хатшысы Павел Есса.