Алматыда Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлерінің бизнес-кездесуі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда саудалық-экономика миссиясы аясында Ресейдің Челябинск облысы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында бизнес-кездесу өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараны Алматы қаласының және Оңтүстік-Орал сауда-өнеркәсіп палаталары ұйымдастыруда.

Алматы қаласы сауда-өнеркәсіп палатасы Президиумы төрағасының орынбасары Мұхтархан Бияровтың айтуынша, мұндай кездесулерді ұйымдастыру отандық кәсіпкерлер үшін өте маңызды. «Осы кездесу барысында екі жақтың кәсіпкерлері өздерінің өнімдерін ұсынып, келісім шарттар жасайтын болады. Мұндай кездесулерді біз жүйелі түрде жүргізіп отырамыз. Былтырғы жылдың өзінде 50-ден астам осындай кездесулер ұйымдастырдық, соның нәтижесінде 150-ден астам ірі келісім шарттар жасалды. Сондай-ақ бұл кездесу барысында тек тауар алмасу, сауда-саттық қана емес екі елдің арасындағы ортақ бірлескен өнеркәсіп құру жобаларыда қаралады деп сенеміз», дейді М.Бияров.

Бүгінгі жиынға Қазақстан жағынан 40-тан астам, ал Ресейден 10 компания келіп отыр. Ресейлік компаниялар металлопракат құралдарын, денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар, жол белгілері мен оны бақылаудағы соңғы озық үлгідегі құрылғыларын және ВАЗ автокөліктерінің бөлшектері мен тағы басқа өнімдерін ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар