Алматыда салынып жатқан 18 қабатты тұрғын үй өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Бостандық ауданында құрылысы бітпеген көпқабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда салынып жатқан 18 қабатты тұрғын үй өртенді

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, Гагарин даңғылында орналасқан РК «Ордасы» ЖШС-ның ғимаратында жалын сағат 20.44-те тұтанған. 

«Жалын 18 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің үш қабатында тұрған ағаш тұғырлардан шығып, 15 шаршы  метр аумақты шарпыған. Өрт болған жерге 9 арнайы техника тартылды. Жалын 15 минутта толықтай сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Бастапқы болжам бойынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде шыққан.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Автор Әсел Асанова