Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деп аталатын халықаралық форум өтіп жатыр

trong>Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деген атпен  сапа бойынша 4-ші халықаралық форум өз жұмысын бастады,

Алматыда «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деп аталатын  халықаралық форум өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қолдауымен  Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның сапа көшбасшылары қауымдастығы бірігіп ұйымдастырды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі бұл шараның басты мақсаты - жүйелік менеджмент саласындағы озық тәжірибелер мен әлемдік практиканы ілгерілету. «Беккер және К» ЖШС-і бірлескен кәсіпорнының бас директоры Иван Кравченконың айтуынша, онда биыл Венгрия, Жапония, Израиль, Қазақстан, Литва, Ресей, Түркия және Украинаның сапа саласының кәсіби мамандары   25 баяндама жасайды.  Олардың арасында - ҚР Бәскелестікті қорғау  жөніндегі агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Бүкілресейлік сапа ұйымдарының президенті Геннадий Воронин, Литваның ұлттық сапа бағдарламасының  ғылыми жетекшісі Юозас Ружевичюс, Венгрия ұлттық даму және экономика министрлігінің комитет бастығы Кальман Альберт бар.  Үш күндік бұл форумның жұмысына  мемлекеттік мекемелердің, сертификаттау органдарының, кәсіпорындар мен қоғамдық және халықаралық ұйымдардың басшылары, жетекші мамандары және ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.