Алматыда саяси басқару жазғы мектебінің сабақтары өтеді

АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 15-18 тамызда «Саяси басқару: теория, әдістеме, тәжірибе» деген тақырыпта саясаттанушылардың 2-ші республикалық жазғы мектебі сабақтары өтеді.

Алматыда саяси басқару жазғы мектебінің сабақтары өтеді

Оны Саяси зерттеулер қауымдастығы мен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырып отыр. Жазғы мектепте саяси басқарудың түрлі қырлары мен тәжірибесі, теориясы және әдістемесіне арналған теориялық-қолданбалы сипаттағы дәрістер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізілмек.

Дәріс жүргізушілер арасында Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Е. Алияров, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Ю. Булуктаев, Ресей Федерациясы саяси ғылымдар академиясының президенті О. Шабров, РҒА В.Трапезников атындағы басқару мәселелері институтының профессоры В. Цыганов сияқты қазақстанстандық және ресейлік саяси ғылымның көрнекті өкілдері бар. Онда жазғы мектеп жұмысы аяқталған кезде барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі деп жоспарланып отыр.