Алматыда «Швейцария ғылымы» атты көрме ашылды

МАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Швейцария ғылымы» аталатын көрме ашылды.
None
None

Көрме Швейцарияның 25 көрнекті ғалымдарының әр түрлі саладағы ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көрмеге келушілер ғалымдардың астрофизика, геология, медицина, робототехника, өнер тарихы, антропология және философия ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен жетістіктерінен мәлімет беретін атақты Швейцария фотосуретшісі Эндри Полдың бірегей ерекше (таңдаулы) еңбектерін тамашалай алады.

Көрменің ашылу рәсіміне университет ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстандағы Швейцарияның Төтенше және өкілетті елшісі Стефан Неллен қатысты.

Оқу орнының басшысы көрменің ашылуында Швейцарияның көрнекті ғалымдарының әр түрлі саладағы ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік бергендігі үшін Елші Стефан Нелленге және Алматыдағы Швейцарияның Бас Консулдығына алғысын білдіріп, "Бүгінде Швейцария Еуропадағы Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылады",-деп атап өтті.

Көрме аясында бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына Цюрих университетінің Әлеуметтік және мәдени антропология департаментінің директоры, профессор Питер Финке дәріс оқиды.

Соңғы жаңалықтар