Алматыда Су сапасы жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда БҰҰ-ның  Еуропалық экономикалық комиссиясының «Орталық Азиядағы су сапасы» жобасы аясында Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың Су сапасы жөніндегі аймақтық жұмыс тобының

Алматыда Су сапасы жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтіп жатыр

6-қорытынды отырысы өтіп жатыр. Онда пилоттық жобаның нәтижелері ұсынылып, ынтымақтастықты дамыту және оны жүзеге асыру жолдарының жоспары таныстырылуда. Су сапасы су ресурстарын басқаруды біріктірудің маңызды қыры болып саналады. Ол ұлттық және аймақтық деңгейдегі әрекеттерді талап етеді. 2009-2011 жылдарға арналған жобаны жүзеге асыру кезінде су сапасы және аймақтық диагностикалық есептілікті дамыту мен ынтымақтастықты дамыту жоспарының  ұлттық жүйелеріне бағалаулар жасалды. Сондай-ақ трансшекаралық өзендерге мониторинг жасау бойынша пилоттық жобалар жүргізілді.

Орта Азиялық аймақтық эколгиялық орталық 1998 жылы Данияның Орхус қаласында өткен 4-Жалпыеуропалық конференция шешіміне сәйкес құрылған болатын. Ол өз қызметін 2001 жылы бастады. Оның құрылтайшысы: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан республикалары және БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық комиссия.