Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда танымал ақын, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының жыр кеші өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақын, жазушы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әділбек Ыбырайымұлының "Құс жолындағы жыр" атты шығармашылық кеші өтті.

Алматыда танымал ақын, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының жыр кеші өтті

null null
 Кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай ақынды құттықтап, одақтың атынан Абай Құнанбаевтың мүсінін сыйға тартты. Сахнада сөз алған кеш иесі ақын Әділбек Ыбырайымұлы Тәуелсіздік және Астанаға арнаған екі тың жырын әдебиет сүйер оқырманға оқып берді. "Бүгінгі кешке ұстаздарым, жыр сүйер жастар жиналды. Осының барлығы тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Біз тәуелсіздік алған бақытты елміз. Сондықтан, жыр кешімді тәуелсіздік деген өлеңмен ашқым келіп отыр, - деген ақын өз өлеңін оқып берді. Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен Астана жастар театрының әншілері өнер көрсетті. Ақынның жырлары оқылып, танымал қаламгерлер жылы лебіздерін білдірді. Айта кетейік, Әділбек Ыбырайымұлы қалың оқырманға "Зау-қайыр" роман-триллері, "Мизамкөк" ,  Адам-хайуан" романы және "Пір мен пырақ", Мерейлі мекен, Ақ тамақ қарлығаштар, Сүмбіле шуағы" сынды жыр дастан жинақтарымен танымал.

null null null