Алматыда техникалық қызмет көрсету стансасындағы өрттен 30 адам эвакуацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде өрт шықты, өрт сөндірушілер газ баллондарының жарылуының алдын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда техникалық қызмет көрсету стансасындағы өрттен 30 адам эвакуацияланды

Қалалық ТЖД деректеріне сәйкес, өрт Наурызбай ауданында, Қалқаман-2 шағынауданында Сағатов 2 мекенжайында болған. Тілсіз жау туралы хабарлама бүгін таңғы 07:55-те түскен, алғашқы жедел топ оқиға орнына 08:05-же жетті.

«Өрт сөндірушілер келгенше ТҚКС өрті жапсарлас үй-жайларға - жеке тұрғын үйдің шатыры мен барак түріндегі уақытша тұраққа өтіп үлгерген.  Бірі-біріне жақын салынған тұрғын үйлерден 30 адам көшірілді, оның бесеуі балалар. Отты сөндіру барысында 5 газ баллоны сыртқа шығарылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 08:32-де тоқтатылды және 40 минуттан кейін, сағат 08:45-те толық сөндірілді.

Өрт салдарынан 4 автокөлікке зақым келді. Өрттің жалпы аумағы 290 шаршы метрді құрады.