Алматыда Теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің мәжілісі өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің 6-шы мәжілісінің қорытындысы шығарылып, хаттамаға қол қойылды.
None
None

Отырыс барысында атап айтқанда, Алтынкөл (Қазақстан) және Қорғас (Қытай) аумағында Қазақстан мен Қытай теміржолдары арасындағы екінші теміржол өткелін орнату мәселесі, Достық-Алашаңқай кеден өткелі арқылы жүк тасымалының болжамды көлемі, екі ел арасындағы теміржол көлігінің жүк, контейнер тасымалын дамыту мәселелері талқыланды.

Екі елдің жетекші мамандары қатысқан мәжіліс Қазақстанның Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен өтті.

Соңғы жаңалықтар