Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің 4-ші кездесуі өтті

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің 4-ші кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда миинстрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер сауда министрлерінің 4-ші кездесуі өтті

Іс-шараға теңізге шығу мүмкіндігі  жоқ 30 елдің министрлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы елдері мен транзитті дамушы елдерді қос алғанда БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйым мүшелері қатысты.

Ағымдағы жылғы отырыс аясында әлемдік экономикада географиялық тұрғыда қолайсыз орналасқан елдердің толық бірігуіне қол жеткізу мақсатында халықаралық сауда келіссөздерінде ұстанымдарды нығайту бойынша өзара күш-жігер біріктіру мәселесі талқыланды. БҰҰ-ның тақырыптық жоспарына сәйкес аталған кездесу 2014 жылы өткізілетін теңізге шығу мүмкіндігі жоқ Алматы іс-қимыл бағдарламасын қарастыру бойынша 10-шы жазғы конференцияға дайындық болып отыр.

Сауда министрлерінің төртінші кездесуінде Астана ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қазақстандық өтініш таныстырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Министрліктердің декларациясы қабылданды.