09:53, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Алматыда терроризмге қарсы күрес жаттығулары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Универсиада-2017» нысандарында Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес штабының өкілдері «Оңтүстік-антитеррор2016» деген шартты атаумен терроризмммен күреске бағытталған жоспарлы жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаттығулардың басты мақсаты - террористік әрекеттер тұрғысынан алғанда әлсіз болып табылатын нысандарға қауіп туындаған жағдайда бірлескен қимыл әрекеттерін пысықтау болып табылады»,-деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес штабының өкілдері.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына елді дүрліктірмей, жағдайға түсіністікпен қарау жөнінде өтініш білдірілді.