Алматыда Тұрғын үй басқармасы тұрғындарға арналған сайт ашты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы Kskportal.almaty.kz жаңа веб-сайтын іске қосты, енді тұрғындар қажет сұрақтарын сайт арқылы қоя алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, тұрғындар енді сайт арқылы өзі тұратын үйдің қай пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) қарайтындығын, ПИК-тердің есептерін коммуналды кәсіпорындар тарифтері туралы ақпараттарды ала алады.

«Сайтта аудандық әкімдіктердің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің телефондары мен мекен жайлары, сервистік компаниялар мен коммуналдық қызмет ұсынушылар жөнінде ақпараттар орналастырылады. Сондай-ақ, сайтты қолданушылар жасалатын нормативті құжатты талқылауға қатысып, сұрақ қойып, жауап ала алады. Бұлардан өзге жаңадан ашылған порталда ПИК-тердің рейтингтері ұйымдастырылады»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар