Алматыда «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы бойынша кітап шығарылады - Қ. Мамсуров
«Елімізде Қазақстан халқы Асамблеясының ұйытқы болуымен «Ұлы дала елі» атты экспедиция ұйымдастырылған болатын. Ол 11-ші қыркүйекте еліміздің шығысында, солтүстігінде, батысында және орталық өңірінде бастау алды. Мұндай шара Алматыда да жүзеге асырылды. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері, археологтар және тарихшылардан құралған экспедиция Алматы қаласы мен Алматы облысында көптеген тарихи ескерткіштерді аралады. Солардың ішінде жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған Райымбек, Наурызбай және басқа да қазақ батырларының ескерктіштерін көрдік. Сонымен қатар, Алматының іргесінде орналасқан Боралдай сақ және үйсін қорғандары кешеніне бардық. Бұл біз үшін өте қызықты болды. Қазақ халқының тарихынан көптеген мәліметтерге қанықтық. Бұл біз үшін, жас ұрпақ үшін өте маңызды шара. Енді тарихшылардың, археологтардың және басқа да мамандардың қазақ халқының тарихы бойынша жасаған дәрістері негізінде арнайы күнделік кітап шығарылады», - деді өз сөзінде Қ. Мамсуров.