Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда V Халықаралық Еуразиялық HR-Конгресі өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 4-5-і күндері «HR-Revolution: әрекет ету уақыты!"» деген тақырыппен V Халықаралық Еуразиялық HR-Конгресі өтеді,

Алматыда V Халықаралық Еуразиялық  HR-Конгресі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2005 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл шараның ұйымдастырушысы «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі. Қазақстандағы HR-мамандардың кәсіби қызметіндегі аса маңызды оқиғалардың бірі саналатын бұл жиында биыл алғаш рет "Өтпелі кезеңдегі HR-стратегияда сызықтық менеджменттің рөлі: HR қызметін сызықтық менеджментке ауыстыру" тақырыптары қозғалмақ. Сондай-ақ "Үздік HR жетістік" байқауы өтеді. Конференция аясында «HR-ғасыр оқиғасы" фото көрмесі және шеберлік дәрістері мен семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр.