Алматыда VI Экономикалық саясат форумы және Аймақтық экономикалық ықпалдастық форумы өтеді
АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 12 қараша күні VI Экономикалық саясат форумы және Аймақтық экономикалық ықпалдастық форумы өтеді.
Бұл шараларды АҚШ-тың сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып отыр. Форум сессиясы - «Орталық Азиялық экономикалық ықпалдастық: жалпы көрінісі», «Кеден және сауда саясаты » деген тақырыптарды қамтиды. Бұл шараларға ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, "Райымбек" тобының төрағасы Райымбек Баталов, "Эйр Астана" компаниясының президенті Питер Фостер, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен АҚШ және Түркия елшіліктерінің өкілдері қатысады.
Ал Аймақтық экономикалық форумның бұған дейінгі конференциялары Астана, Алматы және Нью-Йорк қалаларында өткен еді. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның озықтылығы, ашықтық, экономикалық тиімділік, экономикалық әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, аймақтық экономикалық ықпалдастық, сауда және кеден, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық тақырыптары талқыланған болатын.