Алматыда жастардың коворкинг орталығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, дәл осы, жастардың көмегімен жүзеге асады. Әсіресе, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, білім алып, еңбек етіп жүрген жастардың басын қосып отырған Алматыны Жастар қаласы деп атауға толық негіз бар.
None
None

Алматы жастарының өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, интеллектуалдық, шығармашылық қаблеттерін дамыту мақсатында Алматы қаласының Жастар конгрессі Студенттер Альянсымен бірлесе отырып, «Moskvа Metropolitan» сауда орталығында Жастар коворкинг орталығын ашты, деп хабарлайды Қазақстан жастары конгресінің баспасөз қызметі.

Орталықтың ашылу салтанаты ағымдағы жылы 11 наурызда өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Алматы қаласының жастарына бос уақытын тиімді пайдалануы үшін жасалған қамқорлық және елде жастар саясатын дамытуға бағытталған нақты қадам.

Жастар коворкинг орталығы - жастар мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Мұнда әлеуметтік жобалар аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобалардың (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сыныптар, тренингтер, English club т.б.) жүзеге асуына тиімді орталық болып табылады.

 

Орталықтың ашылуы Қазақстан жастар конгресінің 15 жылдығы аясында өткізілді. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары - А.О. Қырықбаев, Қазақстан Жастары конгрессінің атқарушы директоры - А.М. Сәбитов, Әуезов ауданының әкімі - А.Е. Рақымбетов, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы - Е.С. Бейсенбаев, «Moskva Metropolitan» сауда орталығының директоры - Н.М. Ибраев, эстрада жұлдыздары, «Балет Бақыт» би ансамблі, «Funkytown» би тобы, Алматы қаласының жастар ұйымдары, ЖОО жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, белсенді қала жастары, студенттер мен жасөспірімдер қатысты.

Соңғы жаңалықтар