17:59, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматыда Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі өтеді
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 15 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Білім беру тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының

кезекті мәжілісі өтеді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін бұл басқосу Қазақстанда педагог мамандарды даярлаудың жаңа үлгісін құруға бағытталған. Онда «Білім беру» тобының 23 мамандығы бойынша типтік білім беру оқу бағдарламалары талқыланып, қабылданады. Сондай-ақ «Білім беру» мамандықтар тобы бойынша ҚазҰПУ даярлаған жаңа білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.