Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыдағы автобустарға арналған жеке жолақ жылдамдықты сағатына 18 шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді - Т.Әбдірахманов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абай көшесінде автобустарға арналған арнайы жолақ қоғамдық көліктің жылдамдығын сағатына 18 шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахманов мәлімдеді.

Алматыдағы автобустарға арналған жеке жолақ жылдамдықты сағатына 18 шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді - Т.Әбдірахманов

«2012 жылы қала әкімінің бастамасымен қоғамдық көліктерге арнайы жолақ бөлу жайлы бағдарлама жасалды. Бүгіннен бастап жаңа ереже күшіне енді. Сондай-ақ, Абай көшесімен жүретін автобус маршруттарының саны қысқартылды. Оған дейін көшемен 20 автобус, 7 троллейбус маршруты жүретін. Енді 9 автобус, 4 троллейбус маршруты қалды», - деді Т.Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктердің жылдамдығы сағатына 12 шақырымнан 18 шақырымға дейін артты.

«Енді қоғамдық көлік жеке көлікпен бәсекелесе алады. Қалалықтардың көбі қоғамдық көлікке отырады деген сенімдеміз», - деді басқарма басшысы.