Алматыдағы барлық аялдама онлайн-табломен жабдықтала ма - әкімдік жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аялдамаларына онлайн-табло орнату жұмысы жалғаса ма? ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді.
None
None

«Бұл жоба көп қаржыны талап етеді. Сол себепті басқарма бұл жобаны қаржыландыру мәселесін ойластырып жатыр. Электронды таблолар мен ондағы ақпарат «Алматы көлік холдингі» ЖШС мамандарымен бірге талқыланып жатыр», - деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Мұның алдында басқарма басшысы Талғат Хосчанов әр аялдамаға электронды табло орнату мүмкіндігі туралы түсініктеме берген болатын.

«Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуды қолдайды. Әйткенімен, оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло былтырғы жыл соңына таман Тимирязев көшесіндегі BRT желісінде орнатылған. Бұл істі «Алматы көлік холдингі» өз мойнына алып отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай біз таблоларды бюджеттен тыс қаржы есебінен жасамақпыз. Осылайша қаланың ірі тораптық аялдамалары цифрлы таблолармен қамтамасыз етіледі», - деген еді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Оның айтуынша, 200 мыңнан астам тұтынушы онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы біліп отырады.

Соңғы жаңалықтар