Алматыдағы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланатын болады - Өзбекстандағы ҚР елшісі

ТАШКЕНТ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Алматыдағы Алатау бөктерінде шілденің 16-17-сі күндері ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы жұма күні, шілденің 9-ында шетел және өзбек БАҚ қатысуымен өткен брифингіде ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин мәлім етті.

Алматыдағы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің  бейресми кездесуінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланатын болады - Өзбекстандағы ҚР елшісі

Дипломатиялық миссия басшысы атап өткендей, аталмыш бейресми кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланатын болады. Біріншіден, бұл - ЕҚЫҰ кеңістігіндегі біртұтас қауіпсіздік пен бірлікті нығайту тұрғысындағы «Корфу» үдерісінің әрі қарайғы дамуы.

Екіншіден - Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру.

Үшіншіден, ЕҚЫҰ, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың араласуын қажет ететін Қырғызстандағы шиеленіскен жағдай.