Алматыдағы «Kazbuild 2014» халықаралық көрмесінде әлемнің 360 компаниясы бас қосты

2 - 5 қыркүйек аралығында өтетін көрмеде әлемнің 27 елінен 360-қа жуық құрылыс, интерьер және әрлеу жұмыстары, терезе технологиялары, керамика және тас өндіретін компаниялар өз өнімдерін ұсынуда.
Ұлттық стендерімен Германиядан - 23 компания, Италиядан - 37, Испаниядан - 15, Қытайдан - 37, БАЭ-нен - 13, Польшадан - 9, Португалиядан - 5, Финляндиядан - 4, Чехия Республикасынан - 9, Оңтүстік Кореядан 4 компания қатысып жатыр. Ұжымдық экспозициялармен Ульянов облысы және Қорған аймақтық орталығынан (Ресей) бірнеше компанияның ұлттық стенді орналастырылды.
«KazBuild 2014» пен «Aqua-ThermAlmaty 2014» көрмелерінде құрылыс саласындағы соңғы жетістіктер мен технологиялар көрініс табады. Құрылысшылар, өндірушілер бұл жерде өздеріне қызықты мағлұматтарды алып, сенімді серіктес табатынына сенімдімін. Жасалған келісімшарттар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салуға бағытталмақ», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Владислав Ғалиев.
KazBuild 2014 бірге қатарынан «Жылу, сумен қамту, желдету жүйелері, сантехникалар және бассейндерге арналған қондырғы» - Aqua-Therm Almaty 2014 7-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі өткізіліп жатыр. Көрменің негізгі мақсаты - ұсынылатын өнімнің қуат үнемдеу тұрғысынан тиімділігін көрсету.
KazBuild 2014 және Aqua-Therm Almaty 2014 аясында дәстүрлі түрде «Тауарлар, Заттаңбалар. Технологиялар» құрылыс саласындағы инновациялар конкурсы өткізіледі. Конкурста Қазақстан нарығында инновациялық материалдар, құралдар, қондырғы, сонымен бірге технологиялар мен қызметтер ұсынатын Atlas Concorde, «БАСТИОН» ЖАҚ, «Гипсополимер», B. T. Innovation GmbH, Leybold Optics , «Северсталь-Метиз» ААҚ, «Юнифенс» ЖШС компаниялары қатысады. «Үздік инновациялық өнім», «Үздік технологиялық өнім», «Үздік экологиялық» номинацияларындағы дәстүрлі жеңімпаздардан өзге осы жылы алғаш рет үздік «Жыл өндірушісі» анықталатын болады.