Алматыдағы Президент резиденциясын сүру жұмыстары іс жүзінде аяқталды - Ерболат Досаев

«Президент резиденциясын сүру жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Жақында мен Мемлекет басшысына қаладағы жаңа саябақтың тұжырымдамасын ұсындым. Ол әдемі, жақсы қалалық саябақ болады. Ал, қала әкімдігі ғимаратын келесі жылдың наурыз айының соңына қарай қалпына келтірсек деп отырмыз. Осыған байланысты алдағы уақытта қалада еркін түрде қайтадан әкімдік жиналысын өткізетін боламыз деп ойлаймын. Қазір біздің басқармалар әртүрлі жерде отыр. Жалпы, біз олармен бірлесіп 1 ақпаннан бастап жұмыс істемедік», - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, Ерболат Досаев Республика алаңында орналасқан ғимараттарға қатысты ойын айтты.
«Алаңдағы ғимараттар – жекеменшіктегі ғимараттар. Олардың иелері басқалар секілді ғимараттарды қалпына келтіруге күш салады деп күтеміз. Олардың ішінде жөндеу жұмыстары басталғанын білемін», - деп атап өтті қала басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Ерболат Досаев Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталатынын айтқан болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шешімімен Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріліп, оның орнына жаңа саябақ салынатыны хабарланған.