Алматылық 200 бүлдіршін Елбасы атынан жаңажылдық сыйлықтар алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Президенті атынан ұйымдастырылған Жаңа жыл шыршасы мерекесі өтіп, оған балалар үйі мен ата-ана қомқорлығынсыз қалған 200 бүлдіршін қатысты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілішісі.
None
None

Жаңа жыл шыршасында Мемлекет басшысы балаларды бейнехабарлама арқылы құттықтады.

null  

«Құрметті балалар, ең қызықты мереке - Жаңа жыл жақындап келеді. Есік алдында қыс. Бірақ, біздің үйлерімізде жылы әрі жайлы. Еліміздің қалалары мен ауылдары жаңажылдық шыршаларды безендіруде. Шырша түбінен балалар көп күткен сыйлықтарын іздейді. Ең бастысы, тек осы күні ғана емес, жыл бойы бір-біріңнің қолынан ұстап, әрқашан көмек қолын созуға дайын болыңдар. Барлық халық - ол үлкен отбасы. Жаңа жыл кезінде біздер - үлкендер де ғажайыпқа сенеміз. Тынымсыз еңбек, бірлік және отанға деген махаббат кез келген арманды жүзеге асыра алады. Білемін, сендердің барлығың да осы мерекеге лайықсыңдар»,  - деді Елбасы балаларға.

null  

Бұл құттықтауға қала әкімі Бауыржан Байбек те қосылды.

null  

«3 мың бала секілді бүгін Алматының 200 бүлдіршіні Президент атынан құттықтау алды. Мен сендерге бақыт тілеймін. Ең бастысы, бұл өмірде қорықпай, өз күштеріңе сеніңдер. Оқу ең маңыздысы. Білім сендерді биік белестерге шығарады, болашақта өз жемісін береді», - деді Бауыржан Байбек.

null  

Жаңа жыл мерекесінде қазақстандық әртістер ертегі қаһармандарын бейнелеген тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Сахнада RinGO тобы, клоун Мұрат Мұтырғанов сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

null   

Мерекенің кішкентай қонақтарына «тәтті» дастархан жайылып, Елбасы атынан сыйлыққа толы сандық табысталды. Оның ішінде спорт киімдері, оқу құрал-жабдықтары, арқа қоржындары мен ұялы телефондар бар. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар