Алматылықтар жедел жәрдем дәрігерлері мен фельшерлерінің халықаралық байқауының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жедел медициналық қызмет көрсету бойынша Литваның Каунас қаласында 5-7 қыркүйек күндері өткен VI Халықаралық жарыста Алматы қаласының жедел медициналық көмек станциясының дәрігерлері мен фельшерлері бірінші орын алды.
Бұл бәсекеге қазақстандықтар биыл тұңғыш рет қатысып отырғанына қарамастан, Латвия, Эстония, Украина, Литва елдеріндегі әріптестерінен басым түсті. Оған 5 мемлекеттен 28 команда қатысқан болатын. Онда Қазақстан намысын Алматы қаласынан 2 команда қорғады. Жеті кезеңнен тұратын бұл сайыста алматылықтар ең күшті және ең үздік деп танылды.