Алматыны газдандыруға жергілікті бюджеттен 181 миллион теңге бөлінеді - қала әкімінің орынбасары
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Меморандум бойынша Алматы қаласын газдандыруға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Оның 1 миллиард 800 миллионы "ҚазТранГаз" АҚ-нан, ал 181 миллионы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Биыл қала бойынша Түрксіб ауданында - Маяк, Бақай, Алатау ауданында - Өжет, Дархан, Байбесік және Алмалы ауданындағы аяқталмай қалған Тастақ ықшам аудандарына орта және шағын қысымдағы газ құбырлары жүргізіледі", дейді қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов. Оның айтуынша, қала әкімдігінің "ҚазТранГаз" АҚ-мен қоғамдық көліктерді газға ауыстыруға қатысты бұған дейін жасалған жоспарына қаржылық дағдарыс кезінде бірқатар түзетулер енгізілді. Қазір аяқталудың алдында тұрған бұл жоба бойынша жыл соңына дейін қаладағы 200 қоғамдық көлік газға ауыстырылады деп жоспарланып отыр.