Алтай аймағында Қазақстанмен шекаралас жердегі жол учаскесі пайдалануға берілді

САНКТ-ПЕТОРБОР. 28 қазан. ҚазАқпарат - Алтай аймағында «Поспелиха-Курья-Третьяково - Қазақстан Республикасының шекарасы» автокөлік жолы ашылды. Нысанның салтанатты түрде іске қосылуына екі аумақтың басшылары - Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин мен ҚР Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл туралы Алтай аймағы басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алтай аймағында Қазақстанмен шекаралас жердегі жол учаскесі пайдалануға берілді

А.Карлин Алтай аймағы мен көрші республиканың жақын орналасқан аудандарының тұрғындары асыға күткен күре жолдың ашылғандығын атап өтті. Жол учаскесінің «Алтайдың үлкен Алтын шеңбері» туристік маршрутына енгенін айту керек, - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Б.Сапарбаев, шекараға жақын орналасқан жол - аумақтың өміршеңдігін көрсететін негізі белгілердің бірі екендігін айтты. «Алтай аймағының губернаторы дұрыс атап көрсеткендей, бұл автокөлік жолы біздің көрші елдер арасында қалыптасқан тиімді қатынастарды нығайтып, экономикалық байланыстарды жаңа сапалы деңгейге көтереді».