Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді
Фото: Астана әкімдігі

Екі күн ішінде жәрмеңкеге 6 мыңға жуық елорда тұрғыны мен қонағы келді.

Жәрмеңкеде келушілер авторлық зергерлік бұйымдар, ұлттық қолөнер туындылары, Ethno Fashion бағытындағы дизайнерлік киімдер, былғары мен киізден жасалған бұйымдар, кәдесый өнімдері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, кескіндеме жұмысы және дәстүрлі құрақ көрпе техникасында дайындалған тоқыма бұйымдарымен танысып, ұнаған түрлерін сатып алды.

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді
Фото: Астана әкімдігі

Іс-шараға Ұлытау облысынан арнайы келген 60 жетекші креатор қатысып, өңірдің шығармашылық әлеуеті мен бірегей өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл жәрмеңке өңірлік брендтердің танымалдылығын арттыруға және жергілікті шығармашылық кәсіпкерлердің өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді
Фото: Астана әкімдігі

Іс-шараның басты сәндік бағдарламаларының бірі Ethno Fashion Show көрсетілімі болды. Қазақстандық дизайнерлер Алтын Орда дәуірінің тарихы мен эстетикасынан шабыт алған заманауи киім топтамаларын ұсынды. Ал алғашқы күннің мәдени бағдарламасы Jez Acoustic Band тобының концерттік кешімен қорытындыланды.

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді
Фото: Астана әкімдігі

Ұлытау облысының жәрмеңкесі Creative Aimaq жобасының өңірлік креативті индустрияларды дамытуға, отандық креативті брендтердің танымалдылығын арттыруға, отандық өндірушілердің өткізу нарығын кеңейтуге және еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған тиімді алаң екенін айқын көрсетті.

«Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін хабарланғандай, креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің саны 53-ке жетті.