18:32, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстары туралы Жарлыққа өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жарлықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.