Алжирдегі семсерлесуден әлем кубогіне Қазақстаннан жеті спортшы қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір Алжирде семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

семсерлесу
Фото: ҚР ҰОК

Ірі халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының атынан жеті спортшы бақ сынайды.

Жүлделер мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Назарбай Саттархан және Жанат Нәбиев күресіп жатыр.

Әлем кубогінің кезеңі 8 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасында өткен Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар