Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. 

Айта кетелік Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды

Бүгін елордада Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті.

Соңғы жаңалықтар