Аmazon нарықтық капиталдандыруы алғаш рет 3 трлн доллардан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Amazon компаниясының нарықтық капиталдандыруы дүйсенбіде алғаш рет 3 трлн доллардан асып, осындай көрсеткішке жеткен әлемдегі бесінші компания болды, деп хабарлайды NDTV.
Технологиялық алыптың акциялары алғашқы саудада 5,2 пайызға өсіп, 285,75 долларға жетті. Бұл компанияның нарықтық капиталдандыруын шамамен 3,1 трлн долларға дейін арттырды.
Amazon компаниясының нарықтық құны жыл басынан бері 23,2%-ға өсіп, «керемет жетілік» деп аталатын компаниялар арасындағы ең жақсы көрсеткішке жетті.
Бұл өсім компания жасанды интеллектке деген сұраныстың жоғары болуы аясында екінші тоқсанда бұлттық қызметтердегі күрт өсім туралы хабарлағаннан кейін болды. Табыс 200,61 млрд доллар болып, талдаушылардың 196,47 млрд долларлық болжамынан асып түсті.
Apple, Microsoft, Alphabet және Nvidia — бұрын нарықтық капиталдандыруы 3 трлн долларға жеткен басқа компаниялар. Nvidia қазіргі уақытта нарықтық капиталдандыруы 5 трлн долларға жақындаған әлемдегі ең ірі компания.
Дүйсенбіде басқа ірі компаниялардың акциялары да өсті. Meta Platforms акциялары 4%-ға, Alphabet — 3,6%-ға және Oracle 5%-ға өсті.
Amazon, Microsoft, Alphabet және Meta биыл жасанды интеллект үшін деректер орталықтарын, чиптер және есептеу инфрақұрылымына шамамен 700 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Осыған дейін SpaceX-тің құны Amazon-нан асып түскенін хабарладық. 2025 жылы Amazon сатылым бойынша Walmart-ты басып озып, әлемдегі ең ірі компанияға айналды.