Америка кино жұлдыздары ЖИ жасаған актрисадан қорқып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Голливуд киножұлдыздары мен кәсіби ұйымдар жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы актрисалардың бірінің пайда болуына ашулы реакция білдірді, деп хабарлайды ВВС.

Олар нағыз актерлердің жұмысы негізінде үйретілген мұндай компьютерлік модельдер бүгінгі киноиндустрияға қауіп төндіреді деп алаңдаушылық білдірді.
Тилли Норвудтың әлеуметтік желідегі суреттеріне қарап, оны қарапайым жас актриса деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ шын мәнінде, оның әртүрлі декорациялардағы суреттері мен комедиялық сюжеттері толығымен жасанды интеллект арқылы жасалған. Оны жасаушылар қара шашты әйелді «көршіні еске түсіретін бойжеткен» деп сипаттайды.
— Мені ИИ жаратса да, менің қазіргі сезімдерім өте шынайы. Мен келесі нәрсені асыға күтемін, — деп жазды Тиллидің авторлары оның атынан.
Олар актерлік агенттіктермен ЖИ актрисасының кино және тележобаларға қатысуы туралы келіссөз жүргізіп жатқанын қосып өтті.
Тиллидің пайда болуына Нидерланд актрисасы және комик Элин ван дер Вельден мен оның Particle6 компаниясы жол салды. Хабарламаларға қарағанда, ол Норвудтың «келесі Скарлетт Йоханссон» болғанын қалайды. Ван дер Вельден сонымен қатар Голливуд студиялары мен актерлік агенттіктер ЖИ саласында жариясын жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді және алдағы айларда осы технологияны қолданатын ірі жобалар туралы жариялауға уәде берді.
Тилли Норвудты Голливудта дұшпандықпен қарсы алды. Киноактерлер гильдиясы және теле және радиоәртістер федерациясы (SAG-AFTRA) осы мәселе бойынша арнайы мәлімдеме жасады.
— [Норвуд] — актриса емес, ол көптеген кәсіби орындаушылардың шығармалары негізінде дайындалған, компьютерлік бағдарлама арқылы жасалған кейіпкер, — делінген хабарламада. Оның жұмыста қолдануға болатын өмірлік тәжірибесі жоқ. Онда уайым жоқ. Біздің бақылауларымызға қарағанда, аудиторияны адамның қатысуынсыз компьютер жасаған мазмұн қызықтырмайды, — делінген хабарламада.
Соңғы уақытта америкалық ойын-сауық индустриясы жасанды интеллекттің дамуына, оның ішінде компьютерлік алгоритмдер нақты актерлер, режиссерлер және суретшілердің жұмысының негізінде үйретілетініне қатысты ерекше алаңдаушылық білдіріп отыр.
Екі жыл бұрын Голливудта ереуіл басталып, телевизиялық жне кинокомпаниялар иелері кәсіпқойларды ЖИ төндіріп тұрған қауіптен қорғауға уәде берді. SAG-AFTRA өз мәлімдемесінде Тилли Норвудты пайдалану сол кездегі келісімдерді бұзуы мүмкін екенін атап өтті.
Кәсіподақ мәлімдемесінде Норвудтың пайда болуы ешқандай мәселені шешпейді, керісінше жаңасын жасайды — «актерлерді жұмыстан айыратыны, орындаушылардың әл-ауқатына қауіп төндіретіні және адамның өнер саласындағы жетістіктерін төмендететіні» айтылған.
Актерлар не айтып жатыр
Голливуд жұлдыздары бұл мәселеге қатысты қаттырақ пікір білдірді.
«Американдық бәліш» фильмдері және «Қызғылт сары — маусым хиті», «Матрешка» және «Покерфейс» сериалдарының жұлдызы, актриса Наташа Лионн Тилли Норвудпен жұмыс істеуге келісетін кез келген адамға бойкот жариялауға шақырды.
— Егер қандай да бір актерлік агенттік мұны жасаса, барлық кәсіби қауымдастықтар оларға бойкот жариялауы керек, — деп мәлімдеді Лионн.
Тағы бір танымал актриса Эмили Блант Variety подкастында ЖИ актрисасының пайда болуы оны шынымен қорқытқанын мойындады.
— Бұл шынымен ЖИ ма? О, Құдайым, онда бәріміздің соңымыз жетті. Бұл шынымен де өте-өте қорқынышты. Құрметті актерлік агенттіктер, бұлай етпеңіз! Өтінемін, тоқтатыңыз! Біздің адами қарым-қатынасымызды үзбеңіз, — деді ол Тилли Норвудтың бейнелерінің бірін көрген соң.
Бірақ Голливудтың басты жұлдыздарының бірі Вуппи Голдберг The View телебағдарламасында көрермендер шынайы актерлер мен компьютер жасаған актерлер арасындағы айырмашылықты әрқашан айыра алатынын айтты.
Айта кетелік, Мемлекет басшысы жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалануды басты міндет ретінде атады.