Америкалық зерттеуші 1927 жылғы қазақ даласының сирек суреттерін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Гарвард университетінің Археология және этнология музейі 1927 жылы түсірілген қазақ даласының бірегей фотосуреттерін Kazinform агенттігіне ұсынды. 

Америкалық зерттеуші 1927 жылғы қазақ даласының сирек суреттерін жариялады
Фото: Пибоди музейі

Бұл сирек кадрлар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді.

Қазақ әйелдері америкалық саяхатшы Оуэн Латтиморға сусын ұсынуда
Фото: Пибоди музейі
Жазық даладағы жылқылар үйірі.
Фото: Пибоди музейі

Бұл фотожинақты кезінде Іле аймағына, қазіргі Қытайдың Шыңжаң провинциясына саяхат жасаған америкалық шығыстанушы әрі жазушы Оуэн Латтимор түсірген. 

Дала көші.
Фото: Пибоди музейі
Қазақ қыздары.
Фото: Пибоди музейі
Киіз үй жанындағы қазақ отбасылары.
Фото: Пибоди музейі
Киіз үй жанындағы қазақ отбасылары.
Фото: Пибоди музейі

Еске сала кетейік, бұған дейін Kazinform 105 жылдық мерейтойы аясында 1929 жылдан басталатын бірегей фотоархивін қалпына келтірген еді.