11:40, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Амман қаласында қазақстан-иордания Үкіметаралық комиссиясының үшінші мәжілісі өтіп жатыр
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. - 2009 жылғы қаңтардың 28-30 күндері Амман қаласында (Иордан Хошимиттік Корольдігі) қазақстан-иордания Үкіметаралық комиссиясының сауда–экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі үшінші мәжілісі өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше басталған комиссия жұмысына Қазақстан жағынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев тең төрағалық етеді. Комиссия мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес, екі жақты сауда ?экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт, білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау, энергетика, мәдениет және кеден салаларындағы мәселелер талқыланады.
Сондай-ақ, бүгін (қаңтардың 29-да) Қазақстан Республикасы мен Иордан Хошимиттік Корольдігі арасындағы энергетика мен минералды ресурстар саласында бірлескен ынтымақтастық жоспарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.