Амманда «Этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

АНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Иордания Хашимиттік Корольдігінің астанасы - Амманда Қазақстан Республикасы Елшілігінің ұйымдастырыуымен «Этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды ИХК-дегі ҚР елшігінің баспасөз қызметі.

Амманда «Этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Оған Иордания-қазақстандық достық қоғамының мүшелері, жазушылар мен әдебиетшілер одағының өкілдері және қоғам мен саясат қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында ИХК-дегі ҚР елшісі Болат Сәрсенбаев жиналған қауымға біздің мемлекетіміздің толеранттылық пен діни бастауларды нығайту саласындағы ұстанатын негізгі саясатымен таныстырып өтті. Мысал ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдениеаралық диалог және толеранттылық саласындағы кең ауқымды тәжірибесі, сондай-ақ мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен ықпалдастық тәжірибесі аталып өтілді.

Және де 1-2 желтоқсан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті барысында ортаға салынар ашықтық пен диалог, мәдени дәстүрлердің байытылуы, толеранттылық, сенім тақырыптары жөніндегі мәселелер де талқыланды.