12:31, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Амманда Қазақстан мен Иорданияның Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының үшінші мәжілісі өтуде
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Иордания Хашимиттер Корольдігінің елордасы –Амман қаласында қаңтардың 28-і мен 30-ы аралығында Қазақстан мен Иорданияның Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының үшінші мәжілісі өтуде,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен. Қазақстан жағынан Комиссияның тең төрағасы - Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев. Комиссия мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, туризм және спорт, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, кеден салаларындағы мәселелер талқыланады. Бүгін Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттер Корольдігінің арасында Энергетика және минералдық ресурстар саласы бойынша ынтымақтастықтың бірлескен жоспарына қол қою жоспарлануда.