Әмір Омарханов Тунистегі турнирде қарсыласын ойсырата ұтып, жартылай финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 890-ракеткасы, үндістандық Чираг Духанды қапы қалдырды.
Ойын басынан жоғары қарқынды жоғалтпаған Әмір қарсыласын тығырыққа тіреп, ойсырата жеңді — 6:1, 6:2.
Дүниежүзілік рейтингіде 1 100-орында тұрған Әмір Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 585-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады. Бұл бәсеке сенбі, 29 қарашаға белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы Әмір Омархановтың жеңіс сериясын 7 матчқа жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Денис Евсеев Пәкістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Зарина Дияс Қытайдағы арнайы турнирдің финалына шықты.