Амстердам әуежайынан көтерілген ұшақты найзағай соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - KLM әуе компаниясының ұшағына Амстердам әуежайынан көтерілген сәтте жай түсті.

 Амстердам әуежайынан көтерілген ұшақты найзағай соқты

Амстердамдағы Схипхол әуежайында болған оқыс оқиға жайлы түсірілген видео Желіде жарияланды.

Абырой болғанда, Лимаға бағыт алған Boeing 777 ұшағының экипаж мүшелері де, ондағы  жолаушылар да  зардап шеккен жоқ.