Амстердамда Р.Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінің көрсетілімі өтті

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 25 мамырда Амстердам қаласының белгілі тарихи мұражайында Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен кинофестиваль басталды.
None
None

«Жүзеге асырылып отырған мәдени іс-шараның басты мақсаты - нидерландық көрерменді Қазақстанның заманауи көркем фильмдер әлемімен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды өрбіту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени байлығын, табиғи көркемдігін, халықтың салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау болып табылады», - делінген таратылған хабарламада.

Кинофестивальдің салтанатты ашылуына жергілікті саяси және іскер топтары өкілдері, қазақстандық студенттер және Нидерландыда қоныстанып отырған ҚР азаматтары шақырылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кинофестивальдің алғашқы күні көрерменнің назарына режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың балалық және жасөспірім кезін баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмі ұсынылды.

«Фильмді тамашалауға жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі М.Мырзамадиева өткізіліп отырған бұндай іс-шаралар халықтар арасындағы мәдени түсіністікті, өзара байланыстарды дамытуда ерекше маңызға ие екендігін айрықша белгілеп, тарих пен мәдениетті, тіл мен салт-дәстүрді кеңінен насихаттау ісінің үлкен мәні бар екенін атап өтті», - деп жазады ведомство.

Іс-шара соңында пікір алмасу мен көзқарас бөлісу мақсатында ұйымдастырылған қабылдау барысында қатысушыларға еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени жетістіктері туралы материалдар кеңінен таратылды.

Қонақтар Қазақстанның мәдениеті және тарихымен тереңірек танысу мүмкіндігін алғандары үшін өз алғыстарын білдіріп, елімізге сапар шегуге үлкен қызығушылықтарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар