Анасын сыйлағанның арманы орындалады

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолдарында да әйелдер салған сүрлеулер сайрап жатыр. Биыл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасы, демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына он жыл толды.
None
None
Қыз-келіншектер оттың басы, ошақтың қасынан да, елдің берекелі тірлігінің ортасынан да өз орындарын тауып келеді. ҚазАқпарат тілшісі осы мәселерге орай Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы, демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Рахима Ахметоваға бірнеше сауал қойған еді. ? Рахима Қаржаубайқызы, біздің қоғам «гендерлік саясат» деген терминді қолдана бастағалы он жыл болыпты. Бірақ, әлі күнге дейін гендер туралы пікірлер екіге жарылумен келеді. Бірі бұл саясат қазаққа керек емес десе, екінші топ қажет деген тоқтамын айтады. ? Расында да, гендерлік саясатқа қарсы топтар оны әйелдердің билікке таласуы деп ұғынады. Тіпті олай емес. Мәселен Швецияда билік орындарындағы әйелдер саны 30-50 пайызды құрау керек деген жоспарлы бағдар бар. Біз гендерлік саясаттың отбасына қатысты маңызды тұстарына жете мән беріп келеміз. Бұл өте ауқымды жоба. Ер азамат ? отбасының тірегі екеніне дау жоқ. Біздің буын «ерім ? пірім» деп, әкелеріміздің бетіне тік қарамай өткен аналардан тәлім алғанбыз. Алайда отбасындағы кез-келген қиыншылық алдымен әйелдің қабырғасына аяздай бататыны шындық. Біз осы күрмеуі қиын жағдайларға талдау жасап, қолдан келгенше көмек көрсетеміз. ? Облыстық комиссия хатшылығын бірер жыл үзілістен кейін қайта қолға алдыңыз. Жаңа идеялар, жаңа жобаларды іске асырып жатқаныңыздан хабардармыз. ? Иә, «Бала аялы алақанда», «Өнегелі отбасы ? ұрпақ қазынасы» тақырыптарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырдық. Агроколледж басшысы Мәжит Өтемұратовтың қолдауымен «Әке болу оңай ма?» атты шара өткіздік. Тоқсан пайызын жігіттер құрайтын колледж студенттері белсенділік танытты. Алда бұл жұмысты жалғастыру ойда бар. Қызылорда гуманитарлық колледжінің негізінде қыздар педучилищесі жатқанын білесіз. Сондықтан осы оқу орны базасында Әлима Әбдіхалықованың қолдауымен үлкен жоба дайындаудамыз. Тәжірибелі басшы бұл ойымызға ой қосып, өз ұсыныстарын да енгізіп отыр. Сәтін салса, жақсы бастама болғалы тұр. Отбасы құндылықтарын дәріптеуді көздейтін «Ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі» атты байқауды дәстүрге айналдырмақпыз. «Көшбасшы қыздар» жобасы арқылы арнаулы орта оқу орындары мен жоғары сыныпта оқитын қыздарды жинап, оларға гендерлік саясаттың мақсаты мен міндеттерін үйретуді жоспарлап отырмыз. «Сыр елінің ажары» атты жинақ құрастыру да ойда бар. Ал әйелдер мерекесі қарсаңында «Жұлдызы жанған елімнің, жұлдызы жанған қыздары» атты жобаға кірісіп кеттік. ? Халқымызда «Жақсы әйел жаман еркектің есіктегі басын төрге сүйрейді» деген мақал бар. Отбасындағы әйелдің орны осы сөзден-ақ анық аңғарылады. Бірақ, «Қазақ әйелінің бағы Қазан төңкерісінен кейін ашылды» деген пікірге көп кезігіп жатамыз. ? Ерте заманнан бері қазақ қоғамында әйел затына құрмет ерекше болған. Оларды кемсітуге жол бермеген. Қыз баласын қонаққа балап, аялап төріне отырғызған. Бар асылын, інжу-маржанын қызға жапсырған. Ислам дінін ұстанғанмен, қыздың бетін пәрәнжімен бүркемелемеген. Осының өзінен-ақ, ата-бабаларымыздың аруларға деген құрметі көрініп тұрған жоқ па? Аңыздар мен батырлар жырларындағы кейіпкерлерді айтпағанның өзінде, тарихта аты қалған қайраткер аналар қазақ әйелінің басында теңдігі болмаса, елдің алдында беделі болмаса қайдан шықты? Жалпы, мен ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің жауһарларын оқи отырып, көп ойланамын. Қобыландының қыз Құртқасы, Алпамыстың Гүлбаршыны, Төлегеннің Жібегі туралы аңыздар өмірде болған оқиғалардың ізімен жазылған. Сондай дана аналарымыздың өмір жолынан өрілген деген тұжырымға мықтап бекіндім. Әйелді ердің серігі, сенім артар досы, керек десеңіз ақылшысы етіп суреттеудің өзінде терең сыр жатыр. ? Қазір өзіміздің кемшін тұстарымызды уақыт пен заманға жаба салуға шебер болып алдық. Дүкендегі жартылай дайын өнімдермен дастарқанның кем-кетігін толтырып жатамыз. Сіздіңше осындай уақыт ақшамен есептелетін кезеңде әйел ас үйден алыстап бара жатқан жоқ па? ? Әр әйел ? креслоның немесе мөрдің емес, ең алдымен өз қазаны мен дастарқанының иесі. Бұрындары анам марқұм айтып отыратын, «ішінде қара су болса да, қазаның қайнап тұрсын» деп. Ал дастарқан ? әйелдің айнасы дер едім. Дастарқанынан оның талғамы, ұқсатқыштығы, шеберлігі көзге ұрып тұрады. Керек десеңіз, дастарқаны арқылы әйелге баға беруге болады. Қазан қайнап, дастарқан жайнап тұрған жерде береке ұйиды, жақсы тілектер айтылады. ? Кей кездерде перзенттік парызды өтеу туралы ой орманын бәріміз де кеземіз. Сөйтіп жүргенде, өзіміздің балаларымыздың алдындағы аналық міндетімізді орындайтын кезеңнің туғанын байқамаппыз. Әлгінде анаңыз туралы айтып қалдыңыз. Перзенттік парыз дегенді қалай түсінесіз? ? Бір ескі оқиғаны еске түсірдіңіз. Ертеректе нағашы әжем Ұрқия соғыста хабарсыз кеткен ұлы Қадырды күтумен өмірден өтіпті. Әр жыл сайын Жеңіс мерекесі жақындағанда, баласының жолына қарап отырады екен жарықтық. Анам марқұм да әжем жете алмай кеткен арманды көп аңсайтын. Бауыры туралы бір ауыз дерекке елеңдеп отыратын. Мен бұл істі қолға алып, мұрағаттан іздестіріп, Қадыр көкеміздің Қызылордадағы алғашқы оқу орындарының бірі ? кеңес сауда техникумында білім алғаны туралы білдім. Көзкөрген кісілерді шақырып, ас бердік, құран бағыштадық. Сонда анамның көзінен ерекше нұр көрдім. Көңілі жайланып, ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды. Кейбіреулер анасын материалдық жағынан тарықтырмау арқылы перзенттік парызымызды өтедік деп ұғынатын шығар. Мұндайда халықтан асырып айта алмаспыз. Ескіден келе жатқан даналық «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың» демей ме? ? Батыстан ағылған ақпараттар ағынының құдыреті ме, бәлкім, еліктегіштігімізден шығар, қыз бен жігіт арасындағы сыйластықтың нәзік тіні тарқап бара жатқан сияқты. Бұрын ерсі деп есептелетін көріністерге біртіндеп көзіміз үйреніп барады. Жастардың өздері ?әлемдік өркениеттің бір бөлшегі болуға ұмтылып жатқан кезеңде бұл қалыпты құбылыс? дейді. Сіз қалай ойлайсыз? ? Мың жерден батысқа еліктегенмен, біздің қыздар мен жігіттердің тәрбиесі бөлек. Жастарымыз ақпараттың керекті-керексізін екшей алмай, адасыңқырап жүр. Сосын үлкендер осындай келеңсіздіктерді көзбен көріп тұрып, тым-тырыс өте беретін болды. Мәселен, мен көшеде аузына келгенді аталап, отырған жерін ластап тұрғандардың қасына ерінбей барамын. Ақылымды айтамын. Кейбіреулері ?шаруаңыз қанша? деп доқ көрсетеді, енді біреулері кешірім сұрайды.
Соңғы жаңалықтар