Андрей Аршавин 2017 жылы кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» командасының ойыншысы Андрей Аршавин 2017 жылы өзінің спорттық мансабын аяқтамақ. Ол бұл туралы ресейлік журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды life.ru
None
None

Алматылық «Қайраттың» ресейлік шабуылшысы 36 жастағы Андрей Аршавин жуық арада кәсіби мансабын аяқтайтындығын мәлім етті. 

Айта кетейік, Андрей Аршавин 2015 жылдың қараша айынан бастап «Қайрат» командасының атынан шығып жүр. Осы аралықта футболшы командамен 53 матч өткізіп, 15 гол соқты. 

Соңғы жаңалықтар