Андрей Ферапонтов «Қайсардың» бас бапкері болды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қайсар» футбол клубын алдағы жылы қазақстандық Андрей Ферапонтов жаттықтырады.
Тәжірибелі маман Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған. Ол бас бапкер лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды.
Андрей Ферапонтов «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларустік «Рух» командаларының бапкерлік штабында қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Бүгінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарады.
Айта кетсек, соңғы үш жылда қызылордалық клубта бас бапкер болған Виктор Кумыковтың келісім шарты аяқталуына байланысты қызметінен кетті.
Ол қызылордалық клубта 2023 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2023 жылы - 6, 2024 жылы - 8, 2025- жылы -11 орын алды. Одан бұрын Виктор Кумыков аталған командада 2003-2004 жылдарда қызмет атқарды.
Сондай-ақ ол «Спартак» Нальчик (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалык» (Өзбекстан), «Атырау» (Қазақстан) командаларында бас жаттықтырушы болған.
Еске салсақ, биыл «Ақтөбе» футбол клубының иесі анықталды.