«Аңыздар ойыны»: Бірінші кезеңнен кейін әлем футболының жұлдыздары жеңіп жатыр
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан футболы күніне орай әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

Бұл матч 25 сәуір - Қазақстан футболының күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан футбол федерациясының қолдау білдірді.
Алғашқы минуттан футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Қазақстандық Мұрат Тілешевтің есеп ашуға мүмкіндігі болған еді. Бұрынғы шабуылшы бұл мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.
Есесіне әлем футболының жұлдыздары сапынан Гаи́ска Мендье́таның алыстан тепкен добына қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев тосқауыл қоя алған жоқ.
Айта кетсек, аталған кездесуге әлем аңыздары сапында Витор Баия (Португалия), Марко Матерацци (Италия), Хавьер Дзанетти (Аргентина), Кристиан Дзаккардо (Италия), Дуглас Майкон (Бразилия), Джей-Джей Окоча (Нигерия), Димитар Бербатов (Болгария), Сержиньо (Бразилия), Клод Макелеле (Франция), Халилу Фадига (Сенегал), Кларенс Зеедорф (Нидерланд), Эстебан Камбьяссо (Аргентина), Гаиска Мендьета (Испания), Фернандо Морьентес (Испания) келді.