18:44, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Анкарада Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 7-ші отырысы өтеді
ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 23-25 қарашада Анкарада Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 7-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Бұл жиынға еліміз тарапынан Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының тең төрағалары, ҚР Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев пен Түркия жағынан Экономика министрі Зафер Чаглаян қатысады. «Тараптар 2009 жылдың қарашасында аталған комиссияның 6-шы отырысы бойынша қол қойылған хаттаманың орындалуына шолу жасайды. Сонымен қатар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағын және осы бағыттағы ынтымақтастықты бұдан ары қарай дамыту жолдарын қарастырады»,-деді ресми өкіл.