Анкарада ТҮРКІСОЙ тұрақты кеңесінің ХХХІ отырысы мен ұйымның 20 жылдық мерейтойлық шаралары өтті

Одан бұрын, 30 қыркүйекте Білкент университетінің Аднан Сайгүн атындағы залында ТҮРКІСОЙ-дің Әнуар Акбаров басқарған Жастар камералық оркестінің солистері әзірлеген скрипка музыкасының концерті болды.
ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы өнер сүйер қауымға шын мәнінде естен кетпес сый ұсынды. 1 қазанда Президенттік симфониялық оркестрдің концерт залында "ТҮРКІСОЙ жұлдыздары" салтанатты концерті өтті, онда классикалық музыка шеберлері мен дәстүрлі музыка орындаушылары өнер көрсетті. Еске сала кетейік, Анкарадағы концертке қатысуға ТҮРКІСОЙ мүше-елдерінің барлығынан әртістер шақырылды. Көмеймен айтатын танымал әртістер мен опера солистері алғаш рет симфониялық оркестр сүйемелдеуімен музыкалық өнердің барлық жанрларының шығармаларын ұсынды. Түркі елдерінің және аймақтардың мәдениет министрлері, дипломаттар, шақырылған қонақтар және өнер сүйер қауым ТҮРКІСОЙ жүлдыздарының шығармашыл ұжымына ризашылықпен қол соқты.
ТҮРКІСОЙ бас хатшысы бастаған мәдениет министрлері делегациясы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемаль Ататүріктің кесенесінде болды.
2 қазанда министрлер мен делегациялар басшылары Анкарадағы Президенттік сарайда Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Абдолла Гүл мырза ТҮРКІСОЙ-дың түркі әлемінің ортақ мәдени кеңістігін нығайтудағы жоғары миссиясын атап көрсетті. Президент мәртебелі халықаралық делегацияны ұйымның негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.
Түркі елдері мәдениет министрлерінің дәстүрлі кездесуі - ТҮРКІСОЙ тұрақты кеңесінің отырысы 31-ші рет өтіп отыр. Министрлер мен делегациялар мүшелері ұйымның штаб-пәтеріндегі көркемсурет көрмесін ашты.
Отырысты Түрік Республикасының мәдениет министрі Омер Челик пен ТҮРКІСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ашты, ұйым мүше-елдері делегацияларының басшылары құттықтау сөз сөйледі. Бұдан кейін өткен жұмыс отырысында ТҮРКІСОЙ Бас хатшылығының өткен кезеңдегі есебі тыңдалып, талқыланды. Күн тәртібінің қорытындысымен 2014 жылды "Мақтымқұлы жылы" және "Тоқтағұл жылы" деп жариялау туралы шешім қабылданды; сондай-ақ ТҮРКІСОЙ министрлері "Қазань - түркі әлемінің 2014 жылғы мәдени астанасы" жылы шарасын және Қырғызстанда "Шыңғыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы" мәдени форумын өткізуді бірауыздан қолдады. ТҮРКІСОЙ-дың 2014 жылға арналған қызметінің бағдарламасы мақұлданды. Бұл қағидалар отырыс қатысушылары қабылдаған жұмыс хаттамасында және қорытынды декларацияда көрініс тапты.