Аңсарбек Ғайнуллин дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде қола алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғайнуллин молдовалық Влад Митрудан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола медаль алған еді.
Сондай-ақ Жалғас Қайролланың дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің финалында сынға түсетінін жазғанбыз.