Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі. 

Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында командаласы Досхан Жолжақсыновтан басым түсті.

Жалғас ақтық сында молдовалық спортшы Петру Пеливанмен күреседі.

Ал Досхан Жолжақсынов бразилиялық Дэвид Лимамен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Сондай-ақ 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевке жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін өтетін белдесуде молдовалық Влад Митрумен күш сынасады.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.

Бұған дейін екі қазақстандық дзюдошы елордадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына өткенін жазған едік.